$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекет басшысы SINOPEC корпорациясының басшысын қабылдады

08.09.2023ж. 20:30
1005
Мемлекет басшысы SINOPEC корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының басшысы Юй Баоцайды қабылдады. Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен жоспары туралы мәлімет берілді. Геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.