$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Шұғыл дабыл соңғы болуы мүмкін. Бірақ оны ойламауға тырысамыз", - өрт сөндіруші

11.09.2023ж. 20:00
796
"Шұғыл дабыл соңғы болуы мүмкін. Бірақ оны ойламауға тырысамыз", - өрт сөндіруші

Апат айтып келмейді. Табиғи және техногендік апаттардың қашан болатынын ешкім болжап біле алмайды. Тосыннан туған қауіпке тойтарыс беріп, қиын-қыстау кезде жапа шеккендерге бірінші болып келіп, көмек қолын созар – төтенше жағдай қызметі. Өзгенің өмірі үшін өз жанын құрбан етуге әзір тұратын қайсар жандардың жұмысымен тілшіміз танысты.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Адам өмірін құтқару - үлкен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды жұмыс. Сын сағатта сала мамандары адамды судан да, өрттен де, зілзадан да аман алып қалу үшін барын салады. Бұл бірақ, кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ол үшін шымыр дене бітім, машық, білім мен білік және үлкен жүрек керек.

Қауіпті қызмет өкілдері кез келген тосын жағдайдың алдын ала отырып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Ал құтқарушылардың ішінде ең қауіпті мамандықтардың бірі- өрт сөндіру қызметі. Оларды бейбіт күннің нағыз батырлары деуге болады. Қызыл жалынға қарамай өзгенің өміріне араша түседі.

Вилик МЕРЕКЕЕВ, ҚАЛАЛЫҚ. ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Әрине іштей кез келген шұғыл дабыл соңғы болуы мүмкін екенін түсінеміз. Бірақ ол туралы ойламауға тырысамыз, өйткені өртке шыққанда әрине өзін-өзі сақтау инстинкті болады, бірақ адамдарды құтқару ең басты міндет. Сондықтан қызметкеде батыл, жауапкершілі мен адамгершілігі мол адамдарды аламыз. Жұмысымыз биылдан бері халық аузында көп айтылып жүр. Бұл қуантады. Себебі бізге бастысы адамдардың ризашылығы.

“Бұл қызметке адам өмірін қай кезде де бірінші орынға қоятын азаматтар келеді” деп бөлісті өрт сөндірушілер. Себебі олар кез келген сәтте күллі жерді жайпауға қауһарлы тілсіз жауды ауыздықтауға бар күшін жұмсап, оған қоса адамдар өмірін сақтап қалады.

Нұрбек РАШИДОВ, ҚАЛАЛЫҚ ӨРТЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІСІ:

Жұмысқа келген себебім бізде отбасылық династия болған соң, ағамыздың жолын қуып келемін. Ағама халық қаһарманы атағы берілді. Әрине біздің жұмыс енді өте қауіпті, қиын жағдайларда болады. Бізде ең басты мақсат- адам өмірін құтқарып қалу.

Өрт сөндірушілер, құтқарушылар шұғыл құтқарушы-дәрігерлер жасағы, кинологтар. Бұл салада мамандар жетерлік, олардың барлығының ортақ бір мақсаты- адам өмірін сақтап қалу үшін барлық жағдайды жасау.

Серік ДӘМЕН, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТАҚАРУШЫСЫ:

Адам құтқарған өте ұнайды. Бұл жұиыстың бейнетіде бар, қиыншылығы бар. Сонымен қатар адамдарды тірі, аман-есен үйіне жеткізгеннен кейін адкмдкрдың алғыс білдіріп отқан кездегі, сондай бір қуанышпен, абыроймен қайтқанда жақсылығы да бар артынан. Көп адам көріп көзге көрініп жалақымызды аздап қосылып, бейнетіміздің зейнетін көреміз деген үміттеміз.

Қиын жағдайға тап болған сәтте адамға қол ұшын созу кез келгеннің қолынан келе бермес ерлік. Бүгінгі күннің батырлары мезгілге, ауа райына қарамай, тау-тасқа шығып, жалындаған отқа түсуге дайын. Олар үшін ашылмайтын есік, шыға алмайтын белес жоқ.