Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда автобус екі адамды қағып, жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында қаза тапты

AstanaTV
13.09.2023ж. 10:06
771
Алматыда автобус екі адамды қағып, жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында қаза тапты

Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 9 қыркүйек күні таңғы сағат 09:05 шамасында болды.

«Жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қалалық полицияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркеліп, сараптамалар тағайындалды.