Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде үш қала ауылға айналуы мүмкін

AstanaTV
13.09.2023ж. 13:13
561
Елімізде үш қала ауылға айналуы мүмкін

Қазақстанның үш елді мекені қала санатынан ауыл санатына өтуі мүмкін, өйткені тұрғыны тым аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 қыркүйек күні Ашық НҚА порталында 2021 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына" өзгеріс енгізу жобасы әзірленді.

Жобаға сәйкес, әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалалардың, яғни халық саны 10 мың адамнан кем қаланың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі жүргізіледі.Қазір мұндай үш қала бар:

Степняк (Ақмола облысы) – 3,8 мың адам;

Темір (Ақтөбе облысы) – 2,1 мың адам;

Жем (Ақтөбе облысы) – 1,5 мың.

Ал кейбір халқы көп ауылдар "өсіп" қала мәртебесіне ие болады. Елімізде осындай 17 елді мекен бар, олардың ең ірілері:

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы – 54 мың адам;

Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы – 50 мың адам;

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы – 47 мың адам және басқа да ауылдар.

Құжат 26 қыркүйекке дейін талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.