Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Максим Самородовтың голы үздік атануға үмітті

AstanaTV
13.09.2023ж. 13:46
913
Максим Самородовтың голы үздік атануға үмітті

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің 6 туры бойынша үздік голға үміткерлер тізімін жариялады,-деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол қатарда Қазақстан құрамасы шабуылшысы Максим Самородовтың Солтүстік Ирландия құрамасы қақпасына соққан голы да бар. 

Максим 27-минутта Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды соқты. Оның айып алаңы сыртынан жерлете тепкен добы қонақтар қақпасының торында тулады. 

Іріктеу кезеңіндегі үздік голдар тізіміне Максимнен өзге Ясир Асани (Албания), Леандро Троссард (Бельгия) және Жоау Феликстің (Португалия) голдары енген. Мына сілтеме арқылы отандасымызға дауыс беруге болады.