Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шетелге шығатын туристер туркод талап етуі керек

AstanaTV
09.11.2016ж. 20:00
2302
Шетелге шығатын туристер туркод талап етуі керек

Қазақстан азаматтары шетелге шығарда туркод талап етуі керек. Бұл туроператорлардың кесірінен елге уақытылы қайта алмай немесе жатын орын таба алмай қалған саяхатшылардың жағдайын жеңілдетеді. Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалиев осылай деді.

«Туристік қамқор» қоры мұны толық қадағалайтын болады. Жаңа заңнамаға сәйкес еліміздегі 1200-дей туристік оператор осы қормен тиісті келісімшартқа отыруы керек.  Бүгінде 12 компания қор құрамына енген. Ал бас тартқандар сот шешімімен лицензиясынан айырылуы мүмкін. «Жаңа жоба әуе билеттерінің бағасын қымбаттатпайды. Керісінше, жерлестеріміз шетелде оқыс жағдайға ұшырай қалса, жедел көмекке ие бола алады». - дейді министрліктегілер. Сақтандыру жүйесі ресми түрде 7 қарашадан бастап күшіне енді.

Марат Иғалиев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің директоры:

1061 теңге туроператор қорға жіберіп отырады әр адамнан. Арнайы счетқа жібереді. Сол ақша жиналады. Бұл ақшаға фонд қамқор тек қиын жағдайда қаралып, бәрі талқыланып, туристерді елге әкелу осы ақшадан алады.