$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты

21.09.2023ж. 20:00
2682
Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты. 47 жастағы отандасымыз жұмыс барысында 18-қабаттан құлап кеткен. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Дегенмен дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Марқұм Кимхэ қаласында заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін. Қазір қайғылы жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды.