Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мағжан Шәмшадин Азия ойындарында ел қоржынына екінші медальді салып берді

AstanaTV
24.09.2023ж. 17:08
765
Мағжан Шәмшадин Азия ойындарында ел қоржынына екінші медальді салып берді

Мағжан Шәмшадин Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан 60 келідегі Мағжан Шәмшадин тәжік спортшысы Мехрзод Суфиевті жеңіп, қола жүлдегер атанды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленген еді. 48 келіге дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапониялық Нацуми Цунодамен кездесті. Әбиба Әбужақынова үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде жеңіліп қалды. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Медициналық көмекке де жүгінді.