Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Темір торға түсетіндер саны әлі де азаюы мүмкін

AstanaTV
11.11.2016ж. 20:00
2366
Темір торға түсетіндер саны әлі де азаюы мүмкін

Биылғы 10 айда түрмеден шыққан мыңға жуық адам қоғамға бейімдеу шарасынан өткен. 713 адам жұмыс тапты. Мұндай мәліметтерді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова келтірді.

Бүгін Мәжілісте пробация туралы заң жобасы таныстырылды. Құжатты дайындаған Ішкі істер министрлігі. Ведомство басшысының орынбасары Рашид Жақыповтың айтуынша, пробация қызметі 2012 жылдан бері енгізілген. Қазір жаңа үлгісі жасақталуда. Оған сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробация ұғымдары енгізілді. Яғни бұл темір торда отырғандар санын азайтуды көздейді. Бұдан бұрын Қазақстан сотталған адамдар саны бойынша әлем елдері арасында үшінші орында болса, қазір 53-ші орынға тұрақтаған. Әрбір сотталушыға күніне 3 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалады екен.

Рашид Жақыпов, ҚР ІІМ орынбасары:

Бюджетке салмақ болып жатыр. Биыл 2016 жылға бізге бөлінген 35 млрд КУИС-тің ұстауына. Түзеу мекемелерінде тек қана ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар отыру керек.

Сотқа дейінгі пробацияға ілігетін күдіктілер санаты мынадай. Кәмелетке толмағандар, мүгедектер, 58 жастағы және одан асқан әйелдер, жүкті және 3 жасқа дейінгі сәбиі бар әйелдер. Сонымен қатар 63 жастан асқан және 3 жасқа дейінгі баласын жалғыз өзі тәрбиелейтін ер адамдар. Егер пробация туралы заң жобасына енгізілген түзетулер күшіне енсе, темір торға түсетін адамдар саны төмендеп,оларды асырауға кететін бюджет шығыны азаяр еді, -дейді құжат авторлары.