$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндетті», - ІІМ

25.09.2023ж. 20:00
840
«Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндетті», - ІІМ

Әр азамат саусақ ізін тапсыруға міндетті. Бұл туралы Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жаңабаев айтты. 1 қаңтардан бастап тұрғындар міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтеді. Міндеттеме 16 жастан асқан барлық қазақстандық пен елде тұратын шетел азаматтарына қатысты. Бұл процестен бас тартқандарға айыппұл салынады.

Нұржан ЖАҢАБАЕВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Дактилоскопиялық тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Саусақ іздерін алу ХҚКО жеке куәліктер, паспорттар, ықтияр хаттар, азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін алу кезінде жүзеге асырылатын болады.