$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда өгей әкесі 4 жасар баланы жауыздықпен ұрып өлтірген

25.09.2023ж. 20:30
2306
Алматыда өгей әкесі 4 жасар баланы жауыздықпен ұрып өлтірген

Алматыда 4 жасар баланы өгей әкесі жауыздықпен ұрып өлтірген. Жантүршігерлік оқиға Наурызбай ауданында болды. Күдікті-бүлдіршіннің анасымен бірге тұрған азамат. Көз жұмған баланың туған әжесі қоғам белсенділеріне және әлеуметтік көмек қызметтеріне немересінің жәбір көріп жүргені туралы айтып, талай рет мәселе көтерген. Қазір полиция басқармасы бұған қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы қалалық полиция Департаменті аталған деректің Наурызбай аудандық полиция Басқармасында тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Көрсетілген қылмысты жасады деген күдікті – 2004 жылы туған Д.есімді азамат ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстық істің тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.