Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жаралы құсты Өскемендегі зообақ күтіміне алды

AstanaTV
11.11.2016ж. 20:00
2696
Жаралы құсты Өскемендегі зообақ күтіміне алды

Өскемендегі зообақта жаңа тұрғын пайда болды. Вася деп аталатын қызғылт фламинго мұндағылардың сүйіктісіне айналған. Аязда тоңып әрі қанатын жарақаттап алған құсты алдымен Серебрянск қаласындағы фотограф Сергей Силантьев байқаған. Жылы жаққа ұшып бара жатқанда бағытынан жаңылған болуы керек деген болжам бар. Қызғылт фламингоның әлсірегені сонша, адамдардың қолға алуына қарсы болмапты. Өзін қамқорлыққа алып, бағып-қаққан отбасы мүшелеріне де үйренісіп кеткен.

Қазір ол хайуанаттар бағында тұрып жатыр. Мамандар оның болашақта сауығып кетеріне күмән келтірмейді. Құсты теңіз өнімдерімен немесе шаяндармен қоректендіруге мұнда мүмкіндік жоқ. Әйтсе де зообақ қызметкерлері фламингоны аш қалдырмаймыз дейді.

Борис Щербаков, орнитолог:

Қайнатылған күріш, үккіштен өткізілген сәбіз бен салат беріп жатырмыз. Құрттармен де қоректендіреміз. Осындай тағамдар оның бойына қуат беріп, күш жинауына көмектеседі.