$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ажырасу - кішігірім өлім": Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті

AstanaTV
27.09.2023ж. 10:10
1093
"Ажырасу - кішігірім өлім": Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті

Әнші Балжан Бидаш ажырасудан кейінгі өмірі жайлы баяндап берді. Өнер иесі Instagram парақшасында қазір өзіне қосымша табыс көзін іздеп жүргенін ашып айтты.

"Сіздерге бірнәрсе айтуым керек. Ішіме сыймай бара жатыр... Соңғы оқиғадан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгеріс болып жатқанын айтқым келіп тұр. Қай оқиғаны айтып отырғанымды түсініп жатырсыздар ма? Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Бүкіл күйзеліс, стрессті тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өзімді қолға алдым, жиналдым. Бұл өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі мүмкін нәрсе. "Ажырасу - кішігірім өлім" деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Әңгіме болып жатқанын да білемін. "Ары қарай қалай өмір сүресің" деп сұрағанда ғана ол нәрсе есіме түсті. Мен өз ақылыма, сіздердің қолдауыңызға сенемін" , - деп жазды Балжан Бидаш.