Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан мен ЕЭО елдері арасындағы өзара сауда 26,4 пайызға төмендеді

Қазақстан мен ЕЭО елдері арасындағы өзара сауда 26,4 пайызға төмендеді

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы өткен жылмен салыстырғанда 26,4 пайызға төмендеді. Сауда көлемі - 9,3 миллиард доллар. 9 айда экспорт көлемі 2 миллиард 750 миллион АҚШ ақшасын құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,6 пайызға кем. Импорт - 6,5 миллиард доллар. Сауда 23,9 пайызға төмендеген.