Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

АҚШ-та сайлау жүйесін өзгертуге қатысты петицияға 500 мың адам қол қойды

AstanaTV
15.11.2016ж. 20:00
3243
АҚШ-та сайлау жүйесін өзгертуге қатысты петицияға 500 мың адам қол қойды

Дональд Трамптың жеңісін мойындамаған АҚШ халқы сайлау жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етпек. Мұндай ұстанымдағы америкалықтар қатары артып келеді. Бүгінде петицияға 500 мыңдай адам қол қойып үлгерген. Бұл жөнінде The Independent газеті жазады. Заң жүзінде бұл көрсеткіш қарсылықты ресми түрде қарауға жеткілікті. Құжат авторы Майкл Баердың айтуынша, сайлау нәтижесіне халық ықпал ете алмайды. Бірінші кезекте сайлаушылар коллегиясынан құтылу керек, дейді.

Еске салсақ, таяуда өткен президент сайлауында Дональд Трамп сайлаушылардың 297, ал Хиллари Клинтон 218 дауысын жинаған.

Десе де, Дональд Трамп халық наразылығына мән бермей, командаластарын іріктеумен айналысып жатыр. Бүгін ол Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелесіп те үлгерген.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА