Испанияның оңтүстік-шығысында орналасқан Мурсия қаласындағы түнгі клубтағы өрттен қаза тапқандар саны 13-ке жетті.
Бұл туралы аймақтағы шұғыл қызмет өкілдері мәлім етті.
«Оқиға туралы алғаш рет жергілікті уақыт бойынша 1 қазанда таңғы сағат 06:00 (Алматы уақытымен сағат 10.00) шамасында хабарланды. Өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіру бригадасы тартылды. Төтенше оқиғадан 13 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды», - делінген хабарламада.
La opinión de Murcia газетінің хабарлауынша, өрт дискотекадағы шамдардың біріндегі қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін
Мурсиядағы қайғылы оқиғаға байланысты үш күндік қаралы күн жарияланды. Испания премьер-министрінің міндетін атқарушы Педро Санчес оқиғаға байланысты көңіл айтты.