Спорт Қазақстан
$451.31 €487.32 ₽4.9
×

«Өскемен-тәртіп» коммуналдық кәсіпорнының басшысы ауысты

AstanaTV
15.11.2016ж. 20:00
2425
«Өскемен-тәртіп» коммуналдық кәсіпорнының басшысы ауысты

Өскемендегі жетекші коммуналдық кәсіпорынның басшысы қызметінен қуылды. Қала әкімі Ерлан Аймұқашев «Өскемен-тәртіптің» басшысы Денис Федченконы қаладағы қарды дұрыс тазаламағаны үшін жұмысынан босатты. Енді қаладағы тазалыққа Тамара Рақымжанова жауап беретін болады. Ол «Өскемен тазалықты» бұрын басқарған.

Оның айтуынша, қаланы қардан тазарту оған таңсық емес. Қазірдің өзінде көшелерді тазалап, қар шығаратын техниканың тәулік бойғы кестесі жасалып қойған. Қалада күндіз 69, ал түнде 62 трактор мен жүк тиегіш көлік жұмыс істейтін болады. Облыста қар тазалауды қадағалап отыратын штаб құрылған. Айта кетейік соңғы күндері облыста екі айлық қардың мөлшері түскен.

Тамара Рақымжанова, «Өскемен-тәртіп» МКК жетекшісі:

Тәртіпті ұйымдастыру жұмысынан бастаймын. Көліктерді қайда жіберу керектігін, жұмысшыларды бөлу мәселелерін қарастырып аламын. Мен қаланы өте жақсы көремін және бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын. Табиғаттың тосын сыйынан сабақ алып жатырмыз. Қаланы қардан тазарту үшін бар күшімізді саламыз.