Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Эйр Астана» ішкі рейстердің бағасын төмендетпек - Информбюро

AstanaTV
17.11.2016ж. 20:00
2635
«Эйр Астана»  ішкі рейстердің бағасын төмендетпек - Информбюро

«Эйр Астана» ішкі рейстердің бағасын төмендетуі мүмкін. Әуе компания басшысы мен Ұлттық экономика министрінің кездесуінде осындай келісім жасалған. Информбюро порталы, сенімді ақпарат сөздеріне сілтеме жасап, осындай хабар таратты. Екеуара кездесуде Питер Фостер министрге тариф бағасын қайта қарауға уәде берген көрінеді.

Ал бүгін Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «Эйр Астана» барлық құжаттарды ұсынғанын жазды. Хабарламада әуе компаниясы Келісім комиссиясын өткізу туралы бастама көтеретінін ауызша айтқан. Ол монополияға қарсы комитеттің қарамағандағы орган. Оның құрамына комитет қызметкерлерінен басқа, тексерілетін мекеме сарапшылары мен тәуелсіз сарапшылар кіреді. Бұл шаруа желтоқсанның 1-іне дейін аяқталмақ.

Естеріңізге салайық, Көлік прокуратурасы «Эйр Астана» билет бағасын 50 пайызға қымбаттқанын мәлімдеді. Монополияға қарсы агенттік тексеру жүргізе бастағанда компания құжаттарын ұсынудан бас тартты деп, екі мекеме арасында дау туған болатын.