Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде терроризм фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз аяқталды

AstanaTV
18.11.2016ж. 20:00
2656
Ақтөбеде терроризм фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз аяқталды

Ақтөбеде маусым терактісіне айыпталғандар өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Бүгін мемлекеттік айыптаушы сотқа осындай жаза кесуді ұсынды. Бұл қарулы шабуыл жасағандар арасында болған 9 адамның жетеуіне қатысты. Прокурор тағы екі айыпталушыны да кінәлі деп тапқан.

Илиада Досова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы:

Сотталушы Абдрахманов пен Жұмановты тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, Жұбановты 25 жылға және Абдрахмановты 22 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушылар соттан, ҚР ҚК 434 бабы бойынша барлық 18 сотталушыны тағылған айып бойынша  кінәлі деп танып,оның 13-не  6 жыл бас бостандығынан айыру, 4-не 4 жыл бас бостандығынан айыру,1-не 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы қылмысты жасырғаны үшін айыпталған Ердауовты Қылмыстық кодекстің 432 бабы бойынша кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айыруды, осы баппен айыпталған Утеповке 4 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Естеріңізге салайық, 29 сотталушының тоғызы терроризм актісін жасауға тікелей қатысқандары үшін, 18-і қылмыс туралы хабарламағандары үшін, екеуі қылмысты жасырып қалғаны үшін сот алдында жауап беріп жатыр. 

Айбек ҚОСАНОВ