Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шымкентте алты адамды қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды

Шымкентте алты адамды қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды

Шымкентте алты адамды қаққан автобустың жүргізушісі сотталды. 49 жастағы азамат 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Еске салайық, оқиға сәуір айында болды. Жүргізушісі жоқ автобустың төменге қарай зулап келе жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жүйткіген қоғамдық көлік жолдан өткелі тұрған алты адамды қағып кетті. 5 адам қаза тапты. Дегенмен, соттың соңғы отырысында марқұмдардың туыстары сотталушыға кешірім берді.

Жанат МҮСІРӘЛІ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚР ҚК 345 бабының 4-ші бөлігінде яғни автокөлікті, жол жүру ережесін өрескел бұзып, абайсызда 2 және одан да көп адамның өліміне алып келген бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Тағайындалған жазаны өтеу ҚАЖ-нің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеу белгіленді.