Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Такси жүргізушілер салықты интернет платформа арқылы өздері төлейді,-министр

17.10.2023ж. 20:00
586
Такси жүргізушілер салықты интернет платформа арқылы өздері төлейді,-министр

Такси жүргізушілері салықты интернет платформа арқылы өздері төлейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, «Яндекс» платформасына салық агенті ретінде құқықтық мәртебе берілген. Қызметті заңдастыру үшін әлеуметтік кодекске «Тәуелсіз орындаушы», «Интернет платформа операторы» деген ұғымдар енгізілді. Әзірге пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр.

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Салықтың мөлшерін 4 пайыз көлемінде келісті. +Бірақ олар бір төлем болып, интернет платформа арқылы өздері төлейді. Бір ғана мәселе бар. Қазіргі таңда қолданыстағы заңнама бойынша олар жеке кәсіпкерлік ретінде тіркелу керек. Бірақ біз біліп отырмыз, платформаның ішінде жұмыс істеп отырған азаматттардың басқа да жұмысы бар. Сондықтан бұл пилоттық жобаға жеке, басқа салық тәртібін енгізу керек.