Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Қазақстан логистикалық әлеуетін жақсартып, сауда-саттықтықты кеңейтуге мүмкіндік алады", -сарапшы

18.10.2023ж. 20:00
1027
"Қазақстан логистикалық әлеуетін жақсартып, сауда-саттықтықты кеңейтуге мүмкіндік алады", -сарапшы

Мегажобадан мемлекетіміз қыруар қаржы табады. Мемлекет басшысы маңызды қадамдарға басымдық берді. Сарапшы Олжас Бейсенбай осылай деп пікір білдірді. Ол Қазақстан транзиттік әлеуетін жақсартып, сауда-саттықтықты кеңейтуге мүмкіндік алады дейді.

Олжас БЕЙСЕНБАЙ, САРАПШЫ:

Қытайдың тауарын шекарамыз арқылы тезірек өткізсек. Бұл біздің экономикамызға түсім болады біріншіден. Екіншіден осы жол арқылы біз өз тауарымызды сыртқа шығарсақ. Бұның пайдасы зор біз үшін еуропаға қарай және де Қытайдың териториясы арқылы біз Лянунгандағы өзіміздің терминалымыз бар. Сол терминал арқылы біз оңтүстік шығыс Азия елдеріне өзіміздің тауарымызды біз экспорт жасай аламыз.

Бұл пікірімен сарапшы Таисия Мармантова да келіседі. Оның сөзінше , ортақ келісімдер арқылы 10 жыл ішінде Қазақстан өзінің логистикалық әлеуетін арттырады. Сондай-ақ, инвестициялық, инфрақұрылымдық жобалар, энергетика және басқа да салалар бойынша үлкен жұмыс жүргізуге мүмкіндік алады.

Таисия МАРМОНТОВА, САРАПШЫ:

Логистика өте үлкен рөл атқарады. Бұл Қазақстан - Қытай серіктестігі аясында логистикалық саласы 30% - ға дейін артады деген сөз. "Достық" станциясы Қытайдан Еуропаға тауарлар транзиті арасындағы ең қысқа әрі ұтымды жол. Сондықтан Қазақстан үшін бұл келіссөздердің пайдасы орасан.