Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматы облысында адам ағзасын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

18.10.2023ж. 20:00
583
Алматы облысында адам ағзасын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 22 фигуранттың ішінде ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар бар. Күдіктілер реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды рәсімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен. Келісім сомасы 6-10 миллион теңге болған, осындай сегіз факт анықталды. Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды. Олардан ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Дулат ҚАЙЫР, ОБЛЫСТЫҚ ПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Алматы облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімшелермен бірлесіп, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті және Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Қазақстанның бес өңірінде күдіктілерді тұрғылықты жері бойынша Қонаев қаласының соты санкциялаған тінту жүргізілді. Бұл факт полицияда ҚР ҚК 4- тармағының 116 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркелді.