Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымына үміткерлерді тестілеу онлайн өтеді

18.10.2023ж. 20:00
664
Әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымына үміткерлерді тестілеу онлайн өтеді

Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың машахаты көп. {ЗКТ} Агенттік сол кедергілерді біртіндеп азайтып келеді. Осы мақсатта тиісті заңнамаға өзгерістер енгізді. Үміткерлерге енді бұрынғыдай тесті барып тапсырудың қажеті жоқ. Үйде отырып-ақ сынақтан сүрінбей өтуге болады. Барлығы "Е-Қызмет" платформасында онлайн жүргізіледі.

Дархан ЖАЗЫҚБАЙ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Е-Қызмет" порталы ол ішкі өзінің жұмысын атқарып келді. Яғни, мемлекеттік органдар арасындағы кадр жүргізілуі бойынша жұмыстар атқарып келе жатыр. Біз оны жетілдіреміз. Яғни, қазіргі таңда министрліктермен бірлесіп бұйрық шығарып отырмыз.

Агенттік 6 министрлікпен бірлесіп пилоттық жобаны іске асыруда. Қазірдің өзінде 767 конкурс өткізілген. Оған 5 мыңға жуық үміткер қатысып, 378 адам жеңімпаз атанды. Тестілеуде басты назар адамның құзыретіне берілген. Сынақ барынша ашық болуы үшін практоринг жүйесі енгізілген. Жоба келер жылы толық іске қосылады.

Азамат ЖОЛМАНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тестілейді онлайн тапсырған азаматтар сұқбат кезеңінен де онлайн өтеді. Әр кандидатқа ID- нөмер беріледі. Яғни, конкурстық комиссия да, біз де оның аты-жөнін көрмейміз. Тек ID- нөмерін көреміз.