АҚШ
Транстынықмұхиты елдерінің әріптестігінен шығып кетсе, онда ұйымның ешбір мәні
қалмайды. Бұл туралы Аргентинада
сапарлап жүрген Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді. Оның пікірінше,
келісімге қатысушы елдердің ешқайсысы АҚШ-тағы сайлаудан соң өз ұстанымынан бас
тартпаған,- деп жазады Рейтерс.
Әңгіме
Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Малайзия, Вьетнам, Жапония, Мексика,
Чили мен Перу мемлекеттері туралы болып
отыр. Аталған елдер Азия -Тынық мұхитындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге
қол қойған.
Бұл
Құрама Штаттарды басқарған Барак Обаманың маңызды бастамасы болатын. Айта
кетейік, Ақ үйдің сайланған басшысы өз президенттігінің алғашқы күнінде АҚШ-ты
Транстынықмұхиты елдерінің әріптестігінен алып шығуға мүдделі екенін
айтты.
Синдзо
Абэ, Жапония премьер-министрі:
Құрама
Штаттар болмаса, транстынықмұхиты елдерінің әріптестігі мәнсіз ұйымға айналады.
Өзге елдерді ішкі үдерістерді тезірек жасақтауға мейлінше үгіттейтін боламыз.
Осылай еткенде келісімді ратификациялауды жеделдетуге мүмкіндігіміз бар.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА