Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі?

AstanaTV
31.10.2023ж. 16:28
818
Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі?

ҚР Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Ал алты күндік жұмыс аптасындағылардың сәл жолы болмады: 30 желтоқсанда жұмыс істеуге тура келеді.

Содан кейін 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.