Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Непалда жойқын жер сілкінісі болып, 120-дан аса адам қаза тапты

AstanaTV
05.11.2023ж. 18:42
686
Непалда жойқын жер сілкінісі болып, 120-дан аса адам қаза тапты

Непалдың батысында сенбіге қараған түні жойқын жер сілкінісі болып, салдарынан кем дегенде 120-дан аса адам қаза тапты, деп жазды kaz.nur.kz.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне сүйенген The New York Times-тың жазуынша, жер сілкінісінің магнитудасы – 6,4 балл. Жер асты дүмпулері Непалдан жүздеген километр қашықта жатқан Үндістан астанасы Нью-Делиде де сезілген. Непал билік өкілдерінің хабарлауынша, табиғи апаттан кем дегенде 128 адам қаза болған. Олар қайтыс болғандар саны өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахал іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу үшін, сондай-ақ көмек көрсету үшін армия мен ұлттық полицияны мобилизациялауға бұйырық берген. Қазіргі таңда құтқарушылар үйіндіден жолы жабылып, байланыс үзілген таулы аймақтағы ауылдарға жетуге тырысуда