$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ашық есік күні өтті

AstanaTV
30.11.2016ж. 20:00
6889
«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ашық есік күні өтті

Осыдан тура 3 жыл бұрын 1 желтоқсанда мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Орталықтың мақсаты - халықтың түйіткілді мәселелерінен құлағдар бола отырып, оны шешу жолдарын қарастыру. Бұл миссия сәтті іске асып келеді. Бүгін қабылдау бөлмесінде кезекті ашық есік күні өтті. Шара барысында Денсаулық сақтау және Ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары мен Сарыарқа ауданының прокуроры қабылдауға келген азаматтардың жеке мәселелерін қарады. Ал партияның қабылдау бөлмесінің тыныс-тіршілігімен танысуға келген жастарға экскурсия жүргізілді.

Жұмажан Жүкенов,  «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Бүгінгі студенттер  және Астана қаласы мектебінің түлектері келіп, біздің ардагерлермен кездеседі. Бұл біздің ұрпақтың сабақтастығын көрсетеді. Кешегі партия құрылғанда сол куәгерлер жастарға сол туралы айтады. Бүгінгі күнге сай қоғамдық қабылдау бөлмесі өзінің жұмысын атқарып отыр.

Жас буын өкілдерімен кездесуде Қайыржан Тақуов партияның құрылу тарихы мен егемендіктің алғашқы жылдары жайында естеліктермен бөлісті. Кеңес одағы құрамынан шығып, тәуелсіз мемлекетке айналған тұста, елбасының жасаған ұтымды қадамдары жетістіктерге жетеледі, дейді ардагер.

Қайыржан Тақуов, «Нұр Отан» партиясының ардагері:

Елбасының тәуелсіздіктің орнауына қосқан үлесін барша халық жақсы біледі. Оны халықаралық ұйымдар да мойындап отыр. Кеңес одағы ыдырағанда, мысалы, Грузияда, Әжірбайжанда қандай тұрақсыздықтың  болғанын тарихтан жақсы білеміз. Сол кезде көпұлтты Қазақстанның бірлік пен татулықта өмір сүреді дегеніне өзгелер сенімсіздікпен қараған еді. Бірақ ол кезеңнен біз аман-есен өттік. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі деп бағалаған жөн. 

Айбек ҚОСАН