Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі әлемдік трендтер және стандарттар" атты халықаралық терапевтер конгресі өтті

16.11.2023ж. 20:00
919
"Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі әлемдік трендтер және стандарттар" атты халықаралық терапевтер конгресі өтті

Астанада "дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі" атты халықаралық терапевтер конгресі өтті. Оған мыңға жуық қазақстандық және шетелдік мамандар қатысты. Дәрігерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Шарада ішкі аурулар клиникасында дәрілік терапияның өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар оңтайлы терапияны таңдаумен күрделі және ауыр пациенттерді емдеу жағдайлары, жаңа дәрілік препараттар, оларды қауіпсіз қолдану ерекшеліктері ұсынылды. Айта кетейік, халықаралық конгрестің өтуіне Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы және Денсаулық сақтау министрлігі мұрындық болды.

Бақытжан БИІМБЕТОВ, ҚР ПІБ МО АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Адамның өмір сүру ұзақтығы жылдан жылға ұзарып жатыр ғой. Соған байланысты көптеген ауру соған қосалқы жүреді. Бізде полипрагмезия дейтін түсінік бар. Яғни, көп дәрілерді бір науқасқа оны беруге болмайды. Мысалы төрт препарат бес препарат беруге болады ары кетсе. Одан кейін оны қабылдау өте организмге қиынға соғады. Соның бәрін осы біздің практика жүзінде дәлелденген жағдайлардың бәрін ой бөлісіп, ғалымдармен бірге пікірлесіп, ортақ бір келісімге келу.