Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Тілшіміз қияр мен қызанақ жинады

AstanaTV
03.12.2016ж. 20:00
6540
Тілшіміз қияр мен қызанақ жинады

Тілшіміз Айгүл Әдепбай жылыжайға барып, қияр мен томат жинады.

Айгүл Әдепбай осы жолы көкөніс шаруашылығымен айналысады. Қияр мен қызанақ жинаймыз.  

Қыстың көзі қырауда түбінен енді ғана жұлынып алынған көкөністі бізге жылыжайлар ғана жеткізе алады. Бұл жерде 3 га алқап бар. Бір жарымына қиыр, тура соншасына қызанақ егіледі. Жылына әрбірінен 900 тоннадан өнім алады. Мен қыстан тура жап-жасыл жазға түскендей болдым.

Бұлар міне, жаңадан өсіп келе жатқан қиярлар. Бұларға 1 айдай ғана болған. Енді жарты айдан соң өнім бере бастайды екен. Сосын олар 4 ай тұрады. Одан соң сыпырылып алынып тастайды, жаңа қиярлар отырғызылады.

Үздіксіз процес. Бір алқап енді көтеріліп келе жатса, екіншісі толассыз өнім беріп жатыр. Жазда күнде жиын болса, қыста күн ара жинайды.

Міне, бізге қорап берді, осымен дайын пісіп тұрған қиярларды жинаймыз.  Міне біздің қиярларымыз дайын. Кеттік.

Жұлуға дайын қиярдың ұзындығы 18-20,  диаметрі 5 см болу керек. Бірақ өлшеуішпен жүрген ешкім жоқ. Көзбен өлшеп жұла бересің.

Мммм, нағыз қиярдың иісі шығып тұр. Әр жапырақты көтеріп қалсаң, астында ұсақ-ұсақ қиярлар жатыр.

Мына жердің барлығы жап-жасыл. Бұл жердің ауасы тыныс алуға тамаша, бәрі маған ұнап жатыр. Өйткені мен өзім жасылды жақсы көремін, шөпті жақсы көремін.

Бір қызық ақпарат – рұқсат етілген нитраттар көлемі бір келі қиярда 400 мг, қызанақта 300 мг екен. Ал бұл жылыжайда өсетін өнімде нитраттар әлдеқайда аз. Қиырдың келісінде 83 мг, қызынақта 39 мг. 

Міне, мына жерде бір үлкен қияр тұр.

Бір қарағанда қиын жұмыс емес сияқты. Бірақ бірде бойыңды созып, бірде еңкейіп, 1,5 га алқаптан өнім жинау оңай емес.

Бойым жетпей жатыр, мыналар жұлынбайды.

Біздің қорабымыз толды десе болады, ал мен шаршадым. Бұл жердің температурасы 17-ден 22 дейін болу керек екен. Сондықтан мынадай киіммен 22 градус өте ыстық маған. Бірақ қиярлар жылыны жақсы көреді. 

Көкөністер музыканы да жақсы көреді екен. Бір қызығы іске енді кіріскен кезде жылжайда классикалық музыка ойнап тұрған. Қазір қоймайды. Жұмыс тәулікпен емес, өйткені көкөністер түнде ұйықтайды екен. Яғни демалады. Сондықтан түнде тыныштық сақталады. 60-тан астам адам жұмыс істейді. Ал біз аздан соң еріге бастадық.

«Қиярлар соғысы». Жапырақтың астында кім отыр? Қияр отыр! Бұл жерде не көп, қияр көп.

Сосын жиын-терімнің жеңілдетілген әдісіне көштік.

Мен оңай әдіс таптым. Қияр жинағанда осылай жинау керек. Ла-ла-ла бұл Айгүл Әдепбайдың аяғы талды деген сөз.

Ал тағы біраздан соң, жүрек жалғауға кірістік. 

Қияр жеп әлденбесең, басқа жейтін нәрсе жоқ.

Жиналған қиярларды мынадай қораптарға салады. Бұл жерден біздің қиярларымыз қоймаға жол тартады. Яғни сіздердің дастархандарыңызға барады.

Қазір қиямыз. Шіріген, үсіген, солғандарын қиып отыру керек. 1 аптада осындай процесті 2 рет қайталайды екен. Ааа, қолымды пісіп жатыр. Бұл жерде қолғап берілмей ме?!

Қиған жапырақтарды жинаймыз. Жинап бір жерге апарып үйеміз.

Жылыжайда жұмыс жерде ғана емес, жоғарырақта да жүреді.

Сатылармен жоғары шығып қиярлардың босап кеткенін байлау керек екен. Мен қорқамын, мынау шайқалып тұр. Мынаны байлаймыз. Бүгін мен өрмелеуші болдым ба, қияр байлаушы болдым ма білмей кеттім. Ал, байлайық сені. Ал, өсе ғой. Бұл жерден керемет көрініс. Айнала жап-жасыл.

Мұндай биіктікке жеткен қиярлар 4 ай тұрады екен. 4 айдан соң барлығы сыпырылып алынып тасталады, сосын жаңа егістік толықтай егіледі.

Бұл израилдік технология, тамшылатып суару жүйесі. Құбырлармен су келеді де, әрбір қиярдың түбін тамшылатып суарады екен.

Бұл какос жаңқасы. Қиярлар осыған егіледі екен. 

Ал бұл жер – қызанақ патшалығы. Мына жерде 1,5 га толық қызанақ егілген. Өнімдер самсап тұр. Иісі керемет!. 10 айдай осы жерде тұрып өнім бере береді. Бұл жерде күніне емес, 2-3 күнде бір өнім жиналады. Біз келгенде өнімді  жинап алып кетіпті, біз үлгермей қалдық өнім жинауға.

1,5 гектар алқапқа егілген қызанақтар. Астананың дүкендері мен базарларына барады. Күніне 2,3,4 тоннадай өнім жеткізеді. Бірақ қаланы толық қамти алмайтындарын айтты. Жалпы жылыжай ұстау табысты іс пе, ақпарат құпия.

Негізі бұл кәсіп өзін ақтай ма? -Оны бастаққа қойыңыз. -Ал босату бағасы қанша сіздерде? -Қазір 420-430, енді оны әр түрлі. 420-430 қызанақ па? -Иә. -Ал қияр? -Қияр 430. -430 екеуінікі бірдей ме негізі? -Бірдей қазір, нарық сондай ұстап тұр.

Күн егер көбірек түсіп тұрса, яғни күн жақсы қыздырса қызанақтар 2-3 күнде емес кейде 1,5 күнде тезірек пісіп қалады екен. Қызанақтар қызыл да емес, жасыл да емес сарғыш күйінде жиналады. Сосын қоймаға жіберіледі.

Ал бұл жер жер – қойма. 6 тоннадай қызанақ және 1 тоннадай қияр тұр. Ммм, мені бекер кіргізді негізі...

Осымен Айгүл Әдепбайдың жылыжайдағы қызметі аяқталды. Келесі аптада жаңа мамандық игереміз.