$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Отбасылық өмірден 13 жыл тәжірибеміз бар": Ғаділбек Жаңай жеке өмірін желіде неге жиі көрсетіп жүр

AstanaTV
20.11.2023ж. 13:07
1123
"Отбасылық өмірден 13 жыл тәжірибеміз бар": Ғаділбек Жаңай жеке өмірін желіде неге жиі көрсетіп жүр

Хит әндерді орындаушы Ғаділбек Жаңайдың ең үлкен арманы не? Әнші соңғы кездері жеке өмірін халық назарынан тыс қалдырмай, желіде жұбайын неге жиі көрсетіп жүр? Бұл сұрақтардың жауыбын әнші KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында ашылып айтып берді.

Ғаділбек мырза, сұқбаттасудың реті түскеніне қуаныштымын. Менің көптеген әріптесім сіз сұқбат бермейді дейді. Журналисттерге өкпелісіз бе? Әлде сұхбат бермеймін деген принцип бар ма? Ешқандай принцип емес. Ренішім де жоқ. Сұқбаттасуға келген журналисттердің бетін қайтарған емеспін. Мүмкін сол өкпелеп жүрген жандарға сұқбат берудің сәті келмей жүрген шығар. Ендеше әңгімені шығармашылық жаңалықтармен жалғайықшы. Қандай сүйінші жаңалықтарыңыз бар? Жауап таппай ұялып кеттім ғой. Көптеген тыңдармандар "қашан жаңа әніңіз шығады?" деп сұрайды. Бірақ сөредегі затты алып, ұнамаса орнына қоя салатын дүние емес. Қазір үлкен ізденісте жүрмін. Бірнеше ән жазып, дайындап қойдым. Алайда соны халықтың алдына шығаруға жүрексініп жатырмын. Халыққа пайдалы, дұрыс дүние бергім келеді. Қазір көптеген әріптесіңіз өздерінің актерлік бағын сынап жүр. Сіздің де әртістік қабілетіңіздің мықты екенін білеміз. Киноға түсуге шақырса барар ма едіңіз? Мен барар едім. Мен киноға қатты түскім келіп жүр. Киноға шақырса, тегін түсуге де дайынмын. Таныс кастинг директорларына, кино түсіріп жүрген таныстарыма да айтып жүрмін. Рөл таңдамаймын, кішкентай бір эпизод болса да түсінемін. Бірнеше жыл бұрын "жеке өмірді ешкім көрмеуі керек. Ол сонысымен жеке болады. Халық тек өнеріме баға берсін" деп сұқбат берген едіңіз. Қазір жеңгемізді Instagram -нан жиі көреміз. Жеке өмір туралы пікіріңіздің өзгеруіне не себеп болды? Осы сұрақты маған көп адам қояды. Біз 2011 жылы үйлендік. Отбасылық өмірден 12-13 жылдық тәжірбиеміз бар. Сол тәжірибені бөлісіп, жаңа үйленіп жатқан жастарға үлгі болсын деген мақсатпен ғана көрсетемін. Ал Instagram-да оқырман тартып, лүпіл жинау деген жоспарым жоқ. Ғаділбек Жанайдың бала тәрбиесіндегі басты қағидасы қандай? Менің түсінгенім бірінші Алладан күні-түні перзенттеріміздің саналы, иманды, өмірлерінің жарқын болуын тілеуіміз керек. Ал, енді ата-ана ретінде баланың өзіне ұнайтын бағытты, талантты дамыту қажет деген ұстаныммен өмір сүрем. Тіпті, мектепте кей пәндері нашар баға болса "неге сондай төмен баға? Кәне, қосымша сабақтарға бар" деп қинамаймын. Бала өзіне ұнайтын салаға фокус қоюы керек. Сол дарыны мен білім жеткен бағытта дамытуды біз ата-аналар материалды, моральды қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл - жеке менің пікірім әрі позициям.