Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Қазір қарсыласқа емес, ұпайға назар аудару керек, - Магомед Адиев

AstanaTV
20.11.2023ж. 20:00
591
«Қазір қарсыласқа емес, ұпайға назар аудару керек, - Магомед Адиев

УЕФА Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың голын Еуро-2024 біліктілігінің 9 турының «үздік гол» атағына үміткерлер қатарына қосты. Тізімге Чесноковтың Сан-Марино құрамасының қақпасына соққан алғашқы добы кірді. Естеріңізге сала кетейік, бұл кездесуде ол дубль жасады. Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Чесноковтан бөлек, үміткерлер қатарында әзірбайжандық Эмин Махмудов, финдік Даниэль Хоканс және француз Килиан Мбаппе бар.

ЧЕСНОКОВТЫҢ ГОЛЫ ЕУРО-2024 ІРІКТЕУ ТУРЫНЫҢ НОМИНАЦИЯСЫНА ІЛІНДІ

Еуро-2024 топтық іріктеу кезеңінің соңғы туры аясында Португалия құрамасы өз алаңында Исландия құрамасын қабылдады. Алаң иелері қақпаға екі рет гол соғып, қарсыласын жеңді. Гол авторлары Бруну Фернандеш пен Рикарду Орта болды. Осылайша, Португалия мүмкін болған 30 ұпайдан 30 ұпай жинап, өз тобында жеңіске жетті.

Іріктеудің тағы бір матчында Бельгия құрамасы өз алаңында Әзірбайжанды 5:0 есебімен жеңді. Ойында мергендігімен көзге түсіп, 4 гол салған футболист - Ромелу Лукаку. Кейін 90-минутта бір гол Леандро Троссар соқты. Қонақтар 24 минуттан бастап азшылықта ойнады. Эдди Исрафилов екі сары қағаз алды. Бельгия соңғы матчта Австрияны артта қалдырып, F тобында бірінші орынға ие болды.

ПОРТУГАЛИЯ ИСЛАНДИЯНЫ ЖЕҢДІ

БЕЛЬГИЯ ӘЗІРБАЙЖАНДЫ ЖЕҢДІ

 «Астана» клубы ВТБ Бірыңғай лигасының матчында Пермьдік «Пармамен» кездесті. Қазақстандық клуб 64:82 есебімен жеңіліп қалды. Қонақтардың сапында 16 ұпай жинаған Дэвин Дэвис үздік болды. Каравелл Андерсонның есебінде 15 ұпай.

10 матчтың қорытындысы бойынша «Астана» турнир кестесінде сегізінші орында, команданың есебінде 5 жеңіс пен 5 жеңіліс бар. Қарашаның 22-інде «Астана» Красноярсктік «Енисеймен», содан кейін 27-сі күні елордалық клуб өз алаңында «Самараны» қабылдап, 3 күннен кейін мәскеулік "Рунамен" кездеседі.

ВТБ ЛИГАСЫНДА «АСТАНА» «ПАРМАДАН» ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Сербтік теннисші Новак Джокович Италия Туринінде өткен ATP турнирінде жеңіске жетті. Әлемнің алғашқы ракеткасы финалда итальяндық Янник Синнермен кездесіп, оны екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңді. 36 жастағы Джокович мансабында жетінші рет ATP турнирінің жеңімпазы атанды.

Топтық кезеңде Джокович Скиннерден ұтылды. Сондай-ақ, турнир барысында сербтік теннисші даниялық Холгер Рунені, поляк теннисшісі Хуберт Хуркачты және испандық Карлос Алькарасты жеңді.


Джокович - АТР қорытынды турнирінің жеңімпазы

Бүгін түнде Футболдан Қазақстан құрамасы өз тарихындағы маңызды матчын өткізеді. Еуропа-2024 чемпионатына жолдама алу үшін Словения құрамасымен кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, Н тобынан Еуро-2024-ке алғашқы жолдаманы Дания құрамасы жеңіп алды. Оның активінде соңғы турды есептемегенде 22 ұпай бар. Словения құрамасында - 19 ұпай, Қазақстан құрамасы — 18 ұпай иеленді. Осылайша, словениялықтарды тең нәтиже де қанағаттандырса, Магомед Адиевтің шәкірттері бұл матчта тек жеңіске жетуі керек.

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев матч туралы ойымен бөлісті.

«Қазір қарсыласқа емес, ұпайға назар аудару керек. Біз бұл ойынмен іріктеу циклін аяқтаймыз. Демек бұл біз үшін ең маңызды кеш. Қалғанының бәрі біз үшін лирика. Бұрын кімді жеңгеніміз – қазір маңызды емес».

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев алдағы матч жайлы былай деді: «Біз өткерген жолды ескеретін болсақ, команда әдеттегідей дайындықты жалғастыруда. Бұл жол біз үшін оңай болмады. Ғабышев, Зайнутдинов, Тағыберген, Қайыров жарақат алды. Біз қолымыздан келгенінің барлығын жасаймыз. Словенияны жеңу үшін барымызды саламыз. Барлық қазақстандықтарды қуантуға тырысамыз».

СЛОВЕНИЯ – ҚАЗАҚСТАН: АНОНС

Қазақстан құрамасы жеңіліске ұшыраған жағдайда команданың Ұлттар лигасы арқылы Еуроға шығуға тағы бір мүмкіндігі болады.

Плей-офф кезеңіндегі С лигасында Грузия, Греция және Люксембург ойнайды. Төртінші орын Қазақстанға немесе Әзірбайжанға беріледі.

Мұның бәрі біліктіліктің соңғы турына байланысты: егер Қазақстан Еуроға тікелей шығатын болса, Әзірбайжан плей-оффқа мүмкіндік алады. Ал егер керісінше болса, орын Қазақстандықтарда қалады. Әзірге жартылай финалдың орналасуы: Грузия-Люксембург, Греция-Қазақстан. Егер қазақстандықтар тікелей шықса, бәрі өзгереді: Грузия Әзірбайжанмен, ал Греция Люксембургпен ойнайды.

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікіболуымүмкін!

Экранда өткен аптада болған ойындардың нәтижесі көрсетілген, барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді