Гүлзира Айдарбекова жақында үшінші ұлын үйлендірді. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында кенже баласы мен келінінің шетелге көшетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Келіннің бір-екі күн шайын іштім. Бірақ толық жанында болмадық. Алла қаласа, келді ғой енді. Бірақ олар жақында шетелге көшпекші. Жұмыстары біткесін келіп қалар деп отырмыз", - деді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын. Нұртас Айдарбековтің айтуынша, тойға 300 адам шақырған. Алайда үйлену тойына 400 адам жиналған.