Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда ауа райының қолайсыздығынан кебір мектептер онлайн оқуға ауысты

22.11.2023ж. 20:00
649
Атырауда ауа райының қолайсыздығынан кебір мектептер онлайн оқуға ауысты

Атырауда қатты жел мен толассыз жаңбырдың соңы қарға ұласты. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетті. Салдарынан Индер, Махамбет, Жылыой аудандары мен қаладағы бірнеше көше жарықсыз қалды. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін Исатай ауданындағы мектептер онлайн оқуға ауысты. Ауа райын болжаушылар облыста ертең де қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын ескертті. Қарашадағы қара нөсер Қостанай халқын да әбігерге салды. Көктайғаққа байланысты мұнда да мектептер онлайнға ауысты. Колледж шәкірттері де қашықтан оқуда. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар уақытша жабылды. Облыс аумағында ертең де жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады деген болжам бар.