$480.55 €533.75 ₽5.36
×

«Нұр Отан» партиясы «28 панфиловшы» фильмін жетпіске жуық жетім балаға тегін көрсетті

AstanaTV
05.12.2016ж. 20:00
3314
«Нұр Отан» партиясы «28 панфиловшы» фильмін жетпіске жуық жетім балаға тегін көрсетті

Қостанайда ресейлік режиссер Андрей Шальопаның «28 панфиловшы» фильмі жетім балаларға тегін көрсетілді. Игі шараны «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы «25 жұлдызды күн» және «Ризашылық» акциялары шеңберінде ұйымдастырды. 

Қайырымдылық шарасына облыстық және Рудный қалалық балалар үйінің жетпіске жуық тәрбиеленушілері қамтылды. Қан майданда қайсарлық танытып, отанын қорғауда қасық қаны қалғанша шайқасқан бабалардың батырлығы - ұрпаққа өнеге. Көркем туындыны көрген жеткіншектер кинодан алған оң әсерін жеткізді.

Евгений Ковотько, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Маған фильм қатты ұнады. Батыр бабаларымыз отан үшін от кешіп, туған жерін қорғау жолында құрбан болды. Орыс болсын, қазақ болсын, барлығының мақсаты ортақ отанды қорғау еді. Бұл фильм сол ардақты аталарымызды ұмытпауға, ерлердің ұлы жеңісін қастерлеуге, арамызда жүрген ардагерлерді қадірлеуге жетелейді.

«28 панфиловшы» фильмінде 1941 жылдың күзіндегі кеңес әскерінің неміс басқыншыларына тойтарыс берген сәті суреттеледі. Сұрапыл соғыс жайлы түсірілген киноны жас көрермендер мен қатар көнекөз қарттар да тамашалады. Әскери драма жанрындағы туындыға Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Подоляков пен «Нұр Отан» партиясының  саяси кеңес мүшесі Михаил Дәуенов оң бағасын берді. Бұл фильм жастарды Отанды қастерлеуге шақырады,-дейді аға буын өкілдері.

Михаил  Дәуенов,  «Нұр Отан» партиясының ҚО филиалы саяси кеңесінің мүшесі:

Патриоттық қасиет осындай кинолардан. Осындай біздің алдымызда ерлік көрсеткен аталар мен ағалардың отанды қорғаған батылдығынан құрылады. Және негізі, менің ойымша, халыққа, жастарға бұл фильмнің көрсетілуінің астарында қазақстандық патриотизмді, қазіргі жастардың арасында үгіттеп тәрбиелеу жатыр.