Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жыл басынан бері Қазақстанға 18 мыңға жуық этникалық қазақ көшіп келді

24.11.2023ж. 20:00
820
Жыл басынан бері Қазақстанға 18 мыңға жуық  этникалық қазақ көшіп келді

«Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз». Президенттің Ұлттық құрылтайда жүктеген бұл тапсырмасы жүйелі жүзеге асып жатыр. Жер жаһанға тарыдай шашылған талай қазақты тарихи отанына қайтару ісі жалғасуда. Жыл басынан бері Қазақстанға 18 мыңға жуық қандас көшіп келді.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізге 1 миллион 124 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Қандастардың 35 мыңы Қостанай облысына қоныстанды. Көбі Рудный шаһарына шоғырланып, қаракөздер қатарын көбейтті. Олар әр салада қажырлы қызмет етіп жүр. Өз кәсібін ашып, ісін ілгерлетіп жатыр.

Берікбол ӨМІРӘЛИЕВ, КӘСІПКЕР:

Басында гаражда бастадық.Одан кейін осылай міне осы жерде аштық.Мен инвестор тарттым.Адамдардан ақша алдым.Сол арқылы бастадым.Қазір ол қаражатты беріп тастадым.

Өзбекстаннан көшіп келген Гүлсина Қалмырзаева да өз ісін дөңгелетіп отыр. Дәрігер 5 миллион қайтарымсыз қаражат пен 6 миллион демеу қаржы алып жеке кабинет ашқан.

Гүлсина ҚАЛМЫРЗАЕВА, ДӘРІГЕР:

Барлық науқастарға қажетті құрал-жабдықтар бар.Одан басқа грант бойынша ұтып алған аппаратым бұл нейросап нейроаудио деп аталады.Ол науқастардың есту қабілетін тоылқтай тексеріп, толық диагноз қоюуына жәрдем береді.

Ал Алмат Нұрмаханов атажұртқа келгелі ата кәсіппен айналысады.Үкіметтің қолдауымен түйе шаруашлығын түлетіп, аймақты шұбатпен қамтамасыз етіп отыр.

Алмат НҰРМАХАНОВ, КӘСІПКЕР:

Бала кезден түйені,біліп, көріп өскеннен кейін осында шұбаттың жоқтығы, түйе етінің жоқтығы бірінші осы бізге түйе шаруашылығын ұйымдастыруға алып келді.

Еркебұлан МЕҢДІБАЕВ, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КеАҚ ҚАНДАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізінде құжаттандыру жағы бойынша көп хабарласады бізге. Қазір осы азаматтық алу,ықтиярхат алу. Осы бекітілген өңірлерден қандастарға арнайы әлеуметтік қолдау шаралары жүргізіледі.Яғни квота бөлінеді.Сол квотаны алу кезінде, құжаттар жинақтау кезінде немесе құжаттарының өтініштерін беріп қойған әлі жауап ала алмай жатырмыз деген сияқты сұрақтармен хабарласады.

Ел үкіметі этникалық қазақтар ат басын тірейтін алты аймақты белгілеп отыр. Қандастар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанады.Көшіп келген отбасылардың әр адамына 70 АЕК мөлшерінде қолдау қаражат,бір жылға дейін тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге 100 мың теңгеге дейін жәрдемақы беріледі.