Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Барселона» Хавиді жұмыстан шығаруы мүмкін

AstanaTV
29.11.2023ж. 20:00
852
«Барселона» Хавиді жұмыстан шығаруы мүмкін

"Барселона" Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің бесінші турында "Портуды" жеңді. Кездесу Барселонада "Льюис Компанис атындағы Олимпиада" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Қонақтар 30-минутта Пепе Акиноның нәтижелі ойынынан кейін алға шықты. Бұған каталондықтар 32 және 57-минуттарда Жоау Канселу мен Жоау Феликстің дәл соққыларымен жауап берді.

Осы жетістіктің арқасында каталондық клуб 12 ұпай жинап, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Портуда 9 ұпай. 13-желтоқсанда "Антверпен" - "Барселона" және "Порту" - "Шахтер" ойнайды.

«БАРСЕЛОНА» «ПОРТУДЫ» ЖЕҢДІ

Ал Манчестер Сити Лейпцигті жеңіп, Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне өтті. Топтық кезеңнің бесінші турының кездесуі Англияда "Этихад" стадионында өтіп, 3: 2 есебімен аяқталды. Алаң иелері бірінші таймнан кейін 0:2 есебімен жеңіліп жатқан еді, бірақ екінші таймда жеңісті жұлып алды. Қонақтар сапында Лои Опенда дубль жасады.

Манчестер құрамында Эрлинг Холланд, Фил Фоден және Джулиан Альварес ерекшеленді.

Осы ойыннан кейін Манчестер Сити 15 ұпай жинап, G тобында бірінші орында қалды.

13 желтоқсанда "Црвена Звезда" - "Манчестер Сити", "Лейпциг" - "Янг Бойз"ойнайды.

«МАНЧЕСТЕР СИТИ» «ЛЕЙПЦИГТЕН» БАСЫМ БОЛДЫ

Индонезияда өтіп жатқан футболдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан құрамалар белгілі болды. Шешуші матчта Германия мен Франция ойнайды. Немістер драммаға толы жартылай финалда Аргентинаны жеңді. Негізгі және қосымша уақытта 3:3 есебімен аяқталған ойын пенальти сериясына дейін жетті. Онда Германия 4:2 есебімен басым түсті. Француздар 1/2 финалда Малилік құрдастарын 2-1 есебімен жеңді. 1-желтоқсанда Аргентина мен Мали үшінші орынға таласады, ал келесі күні әлем чемпионатының жеңімпазын немістер мен француздар анықтайды.

ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ГЕРМАНИЯ МЕН ФРАНЦИЯ ШЫҚТЫ

Каталондық "Барселона" команданың бас бапкері лауазымына Гарсия Пимьентаны қарастыруда. Дереккөздің хабарлауынша, "Барселона" жақын арада команданың жаттықтырушысы Хавиді егер каталондықтардың нәтижелері мен ойыны жақсармаса жұмыстан шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда испан маманын алмастыруға алғашқы үміткер Пимьента болады, ол қазір "Лас-Пальмасты" басқарады. Барселона басшылары Гарсияның Лас-Пальмас-де-Гран-Канария қаласының клубымен нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүргенін атап өтті.

"Барселона" Испания чемпионатының турнирлік кестесінде төртінші орында.

Каталондықтардың 14 турдан кейін 31 ұпайы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Хави "Барселонаны" 2021 жылдан бері басқарып келеді. Оның Каталония клубымен келісімшарты 2025 жылға дейін.

«БАРСЕЛОНА» ХАВИДІ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУЫ МҮМКІН

Қазақстан құрамасы Италияның Базельга қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы конькимен жүгіру спортынан Әлем Кубогы кезеңінде бес медаль жеңіп алды.

Нео-сеньорлар арасындағы жарыста (21 жасқа дейін) 500 метрлік жарыста Инесса Шумакова алтын медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 39.98 секундта жүгіріп өтті. Екінші орынды бельгиялық Фрэнк Ванхутт иеленді. Тағы бір отандасымыз Маргарита Артемьева қола жүлдегер атанды.

Ал қалған отандастарымыз - Мария Кузнецова мен Алена Липатова тоғызыншы және оныншы орындарды иеленді. Осыған дейін Шумекова 1000 метрлік жарыста қола медаль жеңіп алған еді.

Әлем Кубогында 5 медаль

Бейсенбі, 30 қарашада Астанада конференциялар Лигасының топтық кезеңінің бесінші турының матчы өтеді, онда "Астана" хорватиялық "Динамоны" қабылдайды. "Астана" — "Динамо" матчының тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша 21:30-да басталады.

Осы ойын алдында С тобындағы командалардың турнирлік жағдайы: "Виктория" (Пльзень) — 12 ұпай,"Астана " — 4 ұпай, «Балкани" — 4 ұпай, "Динамо" (Загреб) — 3 ұпай. "Астана" конференция лигасының алдыңғы матчында өз алаңында Косовалық "Балкани" командасымен тең ойнады (0:0), ал "Динамо" чехиялық "Викториядан" 1:2 есебімен жеңілді. Топтағы "Астана" мен "Динамо" арасындағы алғашқы бетпе-бет кездесуге келетін болсақ, Динамолықтар қонақтарды 5:1 есебімен жеңді.

«АСТАНА» ЗАГРЕБТІҢ «ДИНАМОСЫН» ҚАБЫЛДАЙДЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікіболуымүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.