Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әнұранды жатқа білесіз бе?

29.11.2023ж. 20:00
817
Әнұранды жатқа білесіз бе?

Айбыным деп әспеттейтін Әнұранды жатқа білесіз бе? Кезінде спортшыларды көп сынайтын едік. Қазір олар жарыса айтатын болды. Ал өзгелер гимннің сөзін толық біле ме екен? Бүгін әріптесім Дәрібек Бахытбек көшеде әнұран шырқап эксперимент жасады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!

Бұл - біздің әнұран! Тәуелсіздігіміздің нышаны мемлекеттік рәміздерге биік мәртебе берілген. Қазақстанның әрбір азаматы қастерлеуге міндетті. Астана тұрғындары әнұранды біле ме, қазір сұрап көрейік.

Көшеде алдымен әнұранды асқақтаттым. Жұрт аң-таң. Кейбірі тіпті мән берген де жоқ.

Жұдырықтай жүрегіне қолын қойып, тік тұрып, әнұранды бірге шырқағандар да болды.

Әнұранның сөзін бірақ, бірі білсе, бірі білмейді. Сұрап едім, сөзін ұмытып, теріс қарап қашқандар болды.

- Әнұранды білесіз бе? Қашқандар...

- Әнұранды білсіз бе? Білем. Қандай?

- Алтын күн аспаны, алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны, еліме қарашы!

- Сәлеметсіздер ме! Әнұранды білесіздер ме? Әрине білеміз. Аха екінші куплетін айтып бере аласыз ба?

- Ежелден ер деген сол ма?

- Қалай екінші куплеттің басы?

- Ежелден ер деген даңқымыз шықты ғой,

Намысын бермеген қазағым мықты ғой.

Сөзін білмейтіндерді көргенде көңіл түскендей болды. Алайда, мен айтамын деп ұмтылғандар қуантып қойды.

- Әнұранды білесіз бе? Білем. Қандай?

Алтын күн аспаны, алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны, еліме қарашы!

- Әнұран білесіздер ма? Конечна. Айтып бере аласыздар ма?

Менің елім, менің жерім!

Гүлім болып егілемін,

Жырым болып төгілемін елім

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Бүлдіршіндердің бұл әрекеті әлеуметтік желіде жақсы тарады. Ойынның қызығында жүрген балалар әнұранды естіген кезде сап түзеп, қосыла шырқады.

Патриот иттің де әнұранды ықыласпен тыңдаған әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Шекарамыз шегенделген, Әнұранымыз асқақтаған, Көк туымыз желбіреген елміз. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры да осында болар. Әнұранымыз мәңгі шарықтасын!