$537.63 €622.52 ₽6.69
×

Алматы хостелінде болған өрттен қаза тапқандардың барлығының жеке бастары анықталды

AstanaTV
30.11.2023ж. 12:06
Алматы хостелінде болған өрттен қаза тапқандардың барлығының жеке бастары анықталды

Алматыда хостелде болған өрттен қаза тапқан 13 адамның барлығының жеке басы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Хостелде болған өрттен қаза тапқандардың жеке бастары анықталды”, – делінген полиция дерегінде.

Олардың тоғызы Қазақстан азаматы, екеуі Ресей азаматы және екеуі Өзбекстанның азаматы.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.