Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада «BOLASHAK: Strategic Partnership and Cooperation» білім беру форумы өтті

AstanaTV
30.11.2023ж. 20:00
565
Астанада «BOLASHAK: Strategic Partnership and Cooperation» білім беру форумы өтті

«Болашақ» халықаралық бағдарламасына 30 жыл. Осыған орай 50 елдің ғылым мен білім саласындағы сарапшылары Астанада бас қосты. Форумда бағдарлама түлектерінің жетістіктері таныстырылды. Әрі болашақ стипендиянттарына әлемнің жетекші оқу орындары түсу жолдары түсіндірілді. Шара аясында бірқатар мемлекеттің елшілері мен беделді шетелдік оқу орындарының оқытушылар лекция оқыды. Айта кетейік, «Болашақ» арқылы жыл сайын 555 қазақстандық әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарына түседі. 2019 жылдан бері ел президентінің тапсырмасы бойынша, техникалық мамандықтар мен медицина саласына басымдық берілуде.

Мэтью РОЗЕНШТЕЙН, УРБАНА-ШАМПЕЙНДЕГІ ИЛЛИНОЙС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің университетте 30 қазақстандық студент әртүрлі мамандықта және әртүрлі академиялық деңгейде білім алып жатыр. Олар мықты дайындықпен келеді. Әсіресе, нақты ғылым саласы мен IT бойынша ерекшеленеді. Алдағы жылдары бізге кәсіби біліктілігін шыңдауға келетін оқытушылар санын жылына 60-қа дейін арттыру көзделіп отыр. Биыл тек 5 профессор ғана тағылымдамадан өтті.