Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Атырауда мектеп оқушылары экобахил жасап шығарды

30.11.2023ж. 20:00
425
Атырауда  мектеп оқушылары экобахил жасап шығарды

Атырауда мектеп оқушылары биопластиктен экобахил жасады. Бұл ой туған өлкеміздің табиғатына деген жанашырлықтан туындады,- дейді олар. Әйгерім мен Әдия қолға алған жобаны тренерінің көмегімен жүзеге асырыпты. Ол үшін глицирин, крахмал, уксус және суды бірдей мөлшерде араластырып, ыдысқа құйып қойған. Әбден кепкен соң тиісті пішінді қиып алып, жиегіне резеңке өткізген. Осылайша экобахила дайын. Және мұны жуып, бірнеше рет пайдалануға болады,- дейді олар.

Әдия ЕҢСЕПОВА, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Айгерім екеуміз туған жеріміздің экологиясына көмектетін жобаны ойлап, экобахилаға тоқтадық. Өйткені көшеде жер-жерде шашылып жатқан бахилаларды көп көреміз. Біз қолданатын бахилалар табиғатта 20-30 бойы жойылмайды. Бахилды жасауға 1 айға жетпейтін уақыт кетті. Болашақта әрі қарай кеңейтіп, өндіріп, қолданысқа қосқымыз келеді.

Жауынды-шашынды күндері көшесі батпаққа айналатын Атырау үшін бахилға сұраныс жоғары. Сондықтан жер-жерде шашылып жатқанын жиі көруге болады. Бұл онсыз да ластанған өлкеміздің табиғатына зиян,- дейді балалар. Оқушылардың көбі экологиялық бағыттағы өнімдерді жасауға қызығады,- дейді тренер де. Бұл олардың алғашқы тәжірибелері болғанымен, болашақта нақты нәтиже шығаратындарына сенімді.

Әсел ОҢДАШЕВА, «ХИМИЯ» КУРСЫНЫҢ ТРЕНЕРІ:

Балалар бірінші косметикалық продукциялар жасап бастап жатыр. Биобахила, биопродукция, биопластика, экосетка сияқты әртүрлі жобаларды жасап шығарып жатыр химия жағынан.