$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалына 500-ден астам адам көмек сұрап келген

AstanaTV
07.12.2016ж. 20:00
9622
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалына 500-ден астам адам көмек сұрап келген

Бес жүзден астам қызылордалық тұрғын жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына көмек сұрап келген. 300 мыңдай азаматты нұротандықтар Ашық есік күндері мен Жолда қабылдау шаралары барысында қабылдаған. Бұл туралы партияның Қызылорда қалалық филиалында өткен есеп беру жиынында айтылды. Бас аяғы 508 арыз-өтініш түскен, оның 287-сі жазбаша түрде. 212 арыз мемлекеттік құзырлы органдарға жолданған. Өтініштердің  40 пайызы оң шешімін тапқан.

Шәріп Әбдірахманов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Тұрғын үй және жер телімдері мәселесіне байланысты біз заңгерлік кеңестер бердік. Өйткені ол тиісті кезегімен заңдылыққа сәйкес алынады. Денсаулық саласында да өз тараптарымыздан ардагерлерге байланысты, олардын бүгінгі жағдайларын қадағалау үшін емханалар арқылы жұмыстар жүргізіп отырамыз.

Партиялықтар дәріханалардағы бағаны да бақылауды назарға алған. Өйткені тұрғындар дәрі-дәрмектің бағасы күрт өсіп кеткеніне орай жиі шағымданатын болды. Ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік құнын да қадағалауды әдетке айналдырыпты. Сонымен қатар партияның қалалық филиалы шалғай елді мекендер мен шаруа қожалықтарында ашық есік, жолда қабылдау шараларын ұйымдастырып жүр. Мұндай шаралар кезінде үш мыңнан астам азаматтың арызы тыңдалған.