Күн суып, бойымыз тоңа бастады. Мұндайда көңілге қая түспес үшін біреудің жылуы, махаббаты ауадан қажет. Адамға жылулық сыйлау үшін мерекені күтудің керегі жоқ. Ал өз сезімін ашық көрсете алмаймын дегендерге бүгін таптырмас мейрам. 4 желтоқсан – халықаралық құшақтасу күні. Осыны пайдаланып әріптесім Аружан Задабек қала тұрғындарына көңіл-күй сыйлап қайтқан екен. Сюжет көрейік.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Бүгін кез-келген адамды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті, бір кездері Ұлыбританияда ерекше байқау ұйымдастырылған. Онда бір жұп 24 сағат, 44 минут бойы құшақтасып тұрған. Әрине, біз бұл рекордты жаңарта алуымыз қиын. Десе де, қала тұрғындарының көңіл-күйін барынша көтеруге тырысамыз.
Бірақ бәрі құшағын жая қоймады. Арасында түсінбей, кеудемнен итергендері де болды.
Махаббат әр адамға керек. Үлкен қалада тұрмыстың қамытына кіріп кейде бір-бірімзге жақсы көретінімізді айтуды ұмытып кетеміз. Бірақ, жылы құшақ, ізгі ниет әрқайсысымызға керек-ақ.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ
Міне, біз қазір түсірілімнен қайттық. Өзімде ерекше сезімде тұрмын. Өйткені адамды құшақтау арқылы бір-біріңе жақсы эмоция сыйлауға болады.
Екі адам құшақтасса иммунитет көтеріліп, жүйке жүйесінің жұмысы қалпына келеді. Соның ішінде эндокоринді жүйе жақсарады. Күйзеліс төмендеп, гемоглобин көтеріледі. Тіпті, ауыр дертті де емдеуге болады.Мұны ғалымдар дәлелдеген. Оны айтқағанда, бөлінетін шаттық сезімі адамды ерекше күйге бөлейді. Қысқасы, кел құшақтасайық!