Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына барды

05.12.2023ж. 20:00
675
Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына барды

Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына барды. Кездесуде тұрғындар өңірдегі өзекті мәселелерді қозғады. Әсіресе, демалыс алдында теміржол билетінің құны шарықтайтынын айтып шағымданды. Орын жетіспейтіні тағы бар. Осы мәселені шешу үшін Түркістан мен Арыс арасында қатынайтын екінші теміржол желісін салуды ұсынды.

Есенгелді, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Теміржол жағынан тар сала ғой. Отырар Рабат, Тимур станциялар бар. Дарбаза, Жылға, Шенгелді, Шанақ деген ауылдар бар. Мына жағы Бадам, Қалаш, Ақпан болып есептеледі. Облыс болғаннан кейін келіп-кету қиындау.

Бұдан бөлек, тұрғындар ақылы жолдың тарифі қымбат екенін айтты. Жол жөндеуге арналған конкурстың әділ өтпейтініне шағымданды. Теміржолшылар мен осы салада жүрген өзге де жұмысшылардың жалақысын көтеруді ұсынды.

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

Облысқа қатысты бірнеше мәселе бар, әрине. Шәуілдірдің жолын сұрады. Қазір салынып жатқан. Ол 64 шақырым. Барлығы толық реконструкциядан өтетін болады. Ол 2025 жылы бітеді. Екінші Жамбылға қарай өтетін Шақпақтықтағы тунельдің мәселесі. Тунелдің негізгі жұмысы аяқталды. Бірақ желілірді шығаратын жүйесі әлі орнатылған жоқ.