Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстанда волонтерлар ұйымы соңғы он жылда 4 есеге көбейген

AstanaTV
05.12.2023ж. 20:00
869
Қазақстанда волонтерлар ұйымы соңғы он жылда 4 есеге көбейген

Елімізде 600-ден аса волонтерлық ұйым бар. Онда 250 мыңнан аса ерікті жұмыс істейді. Еріктілер ұйымы соңғы он жылда 4 есеге көбейген. Түрлі бағытта жыл бойы ақысыз еңбек еткен еріктілер бүгін елорда төрінде марапатталды. «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығында 15 номинация бойынша 47 волонтер марапатқа ие болды.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы 2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Дәстүрге айналған шараға биыл да біраз ұсыным келіп түсті. Биыл 48 эксперт 300-ден аса өтінішті қарап шықты.

Данияр ҚАДЫРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл ашық болды. Интернет желісінде ашық жарияланды. Сол жердегі 200-ден аса осы өтінімдерді қарады эксперттер қарады, тәуелсіз. Қарап ішінен 85-тей осындай ұсынымды іріктеп алды, лайық дегенін. Соның ішінен комиссия бар, министрліктің жанынан құрылған комиссия оны жаңағы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдады.

Қызылордалық волонтерлер бұған дейін 10 мыңнан астам отбасыға көмек қолын созған. Қазір аймақта 2 мыңнан астам ерікті өздерінің бос уақытын қоғамның игілігі үшін жұмсауда.

Болатбек АЙТБЕНБЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жерде орындайтын шарттар ол айқын. Себебі бұл волонтерлік болғандықтан осы жерде бңз волонтерлікке қатысты осы күнге дейін атқарып келген жұмыстарымызды көрсетуге бағытталады.

Зарина Ысмағұлова оқушы кезінен еріктілер қатарына қосылғанын айтады. Қазіргі кезде ол Қостанай жастар ресурсы орталығында қызмет етеді. Орталық өкілдері үнемі ауқымды акциялар мен түрлі қайырымдылық шараларына атсалысады.

Зарина ЫСМАҒҰЛЫОВА, ВОЛОНТЕР:

Меніңше еріктілік таңсық дүние емес.Өйткені қазақ дәстүрінде қайырымдылық ол қазақ дәстүріне тән қасиет. Еріктілік кезінде жалпы адамдарға,қажет жандарға көмек көрсету мен үшін үлкен қуаныш. Яғни риясыз көңілмен өзімнің жүрек қалауыммен жасаймын.

Оралдық Әсел Мырзахметованы облыс тұрғындары жақсы таниды. Өйткені 5 жыл бойы волонтерлікпен айналысатын қыз қиналған талай мұқтажға демеу болып, сүрінгенді сүйеді. Әселдің арқасында баспаналы болған отбасылар да бар. Ковид күшіне мінген кезде де індеттің қауіпті екеніне қарамай, тамақтан тарыққан кембағал жандарға азық-түлік тасыды, басқа да керек-жарағын түгендеп берді.

Әсел МЫРЗАХМЕТОВА, ВОЛОНТЕР:

Бұл менің өзімнің ішімдегі менің миссиям деп санаймын. Содан өзім ракат аламын, ләззат аламын. Бұл менің өмірлік ұстанымым қоғамға, адамға пайдалы болу деген.

Ерікті болу еріккеннің ісі емес. Көмек күткен жанға қол ұшын созу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Бұл жандар қоғамға осыны ұғындырды.