Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалған

05.12.2023ж. 20:00
704
Павлодар облысында 8-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалған

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалған. Іші шығып қалған оқушыны мұғалімдері байқап, анасына хабар беріпті. Дереу дәрігерге апарып тексерткен. Олар қыз баланың жүкті болғанына 6 ай толғанын анықтапты. Қызына зорлық жасады деген күдікке ілінген өгей әке қамауға алынды. Іспен полиция айналысып жатыр.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Өзге мәлімет ҚР Қылмыстық процессуалды кодесінің 201 бабы бойынша жария етуге жатпайды.

Ал қыз қашықтықтан оқуға ауыстырылды. Қазіргі таңда онымен мектеп психологы жұмыс істеп жатыр. Осы жағдайға байланысты мектеп директоры, оның орынбасары мен сынып жетекшісі қатаң сөгіс алған болатын. Алайда, оқу-ағарту министрлігі мұның заңсыз екенін айтып, тәртіптік жазаны алып тастады.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Бұл жағдайды мен өзім және балалардың құқығын қорғау комитеті жеке бақылауымызға алдық. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша шешім қабылданатын болады. Сондықтан, оқиғаның мән-жайы туралы айту әлі ерте.