Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"АMANAT" партиясы 21 әкімге сөгіс жариялады

05.12.2023ж. 20:00
704
"АMANAT" партиясы 21 әкімге сөгіс жариялады

"AMANAT" партиясы 21 аудан мен қала әкіміне, 8 мәлихат депутатына сөгіс жариялады. Олар көмек сұрап келген азаматтарды қабылдамаған. Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің отырысында айтылды. Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жеке қабылдау ұйымдастырылып, 52 мың тұрғынның мәселесі тыңдалған. 80 мыңнан астам өтініш түскен.

Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Барлығы тәртіпке байланысты. Біздің өңірдегі филиалдардың жұмысына байланысты халық баға береді. Барлық жұмыс өңірде. Халық өңірде. Сол себептен бір келген адам дұрыс жауап алмаса, содан кейін 10 рет келіп оны қайталап арызын беретін болса, онда партияға деген сенім кетеді.