$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Полицейлер таныс адамынан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады

AstanaTV
07.12.2023ж. 17:57
801
Полицейлер таныс адамынан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілердің жәбірленушіден сұраған 1 миллионның 650 мың теңгесін алып жатқан кезде ұстады.

Күдіктілер осыдан біраз уақыт бұрын заңсыз алып кеткен көлікті қайтарып беру үшін таныс адамнан ақша бопсалаған. Арнайы іс-шара нәтижесінде бес ер адам ұсталды, олардың үлкені 35-те, кішісі 27-де. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 389 бабы (Өзiнше билiк ету) бойынша тергеліп жатыр. Ұсталғандардың екеуі бұрын ҚР ҚК-нің 96-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК-нің 287 бабы (Браконьерлік) бойынша сотты болған.

Бұл жолы ұсталған кезде күдіктілерден өсімдік тектес ұнтақты зат және травматикалық тапанша тәркіленді. Көрсетілген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.