Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Президенттің тапсырмасымен жылу құбыры жаңартылған кеншілер қаласы биыл қыстан қысылмай шыға ма?

08.12.2023ж. 20:00
687
Президенттің тапсырмасымен жылу құбыры жаңартылған кеншілер қаласы биыл қыстан қысылмай шыға ма?

Рудный тұрғындары былтыр қыстың көзі қырауда жылусыз қалып қиналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілер шаһарына барып, жылу құбырының жарылу салдарымен танысқан болатын. Үкімет, облыс және қала басшысына тапсырма жүктеді. Президенттің пәрмені қалай орындалды? Тұрғындардың пәтері жылынды ма? Заңғар Санай айтады.

Былтыр қаңтар айында қаладағы Мир және Горняков көшесінің қиылысындағы жылу құбыры жарылып, көпқабатты үйлер, жеке сектордағы баспаналар мен бизнес нысандар жылусыз қалды.Сегіз сағатта тұрғындардың пәтері азынап кетті. Ал биыл жылыту маусымы басталғалы баспана жылы. Қала жұртшылығы тек құбыр жарылмаса екен деп тілейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Үй жылы иә.Қазір өте жылы. Корчагина 86-шы үйде тұрамын.Өте жылы біздің үйлер.
- аударма:
Әзірге ауа райы да жылы тұр ғой.Сондықтан үйіміз де жылы.
-Кішкентай немереммен үйде отырмын.Үй жылы әдемі-ақ.

Тозығы жеткен жылу құбырын ауыстыруға 8 миллиард 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жаз бойы ұзындығы 11 шақырым құбыр жаңартылды. Соған қарамастан магистральдік құбырдың әлі 40 пайызы, квартал ішіндегі құбырдың 72 пайызы тозып тұр.

Олег ӘБІЛҚАЙЫРОВ, «РУДНЫЙ ЖЫЛЫТУ ЖЕЛІЛЕРІ »ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Магистральдік құбырларды ауыстыруы жұмыстары жалғасады. Бұл мақсатқа 2024 жылы 5 миллиардтан астам ақша бөлінеді.Ал кварталдық желінің 4,6 шақырымын жаңғырту бойынша жоба мақұлданды. 1 миллиард 357 миллион теңге қарастырылып отыр.

Квазиамемлекеттік кәсіпорын директоры жыл сайын кемінде 12 шақырым құбырды жаңарту керек дейді. Қазір 74 шақырым құбырдың тозығы жеткен. 11 айда жылу желілері 570 рет жарылған.

Азамат ЫСҚАҚОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партиялық бақылау бекеті құрылып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеді.Қалалық мәслихатттың бірінші сессиясында қала әкімдігінің резервінен қаражат бөлу мәселесі қарастырылды.Сөйтіп осы Горняков көшесінің құбырын жаңғыртуға 600 миллионға жуық ақша бөлінді. Қомақты қаражат төтенше жағдай режимі кезінде күрделі учаскілерді жөндеуге жұмсалды.

Қыркүйек айында жылу құбырлары гидравликалық сынақтан өткен. Осал тұстары анықталып, жарықты жамау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, насостық станция жабдықтары жаңартылды. Кәспорын басшылары қыстан қысылмай шығамыз деген үмітте.