Оралдағы бекіре зауыты жылына
10 тонна қара уылдырық пен 130 тоннадан астам балық өндірмек. Оның 80 пайызы
экспортталып, қалған 20 пайызы ішкі нарыққа жіберіледі. Бірақ әзірге бұл жоспар
ғана.
Кешенге 15 мыңдай балық әкелініп, оралдық ғалымдардың бекірені өлтірмей
уылдырық алу тәсілі қолданылып жатыр. Балықты тесіп алған уылдырықтан шабақ
өсіріледі. Уақыт өткен сайын уылдырық көбейеді, әрі балық тірі қалады. Ал
артылғаны етке тапсырылады. Алдағы бес жылда толық жұмыс қуатына көшетін
кешенге 5 миллиард теңге бөлінген. Бұл Қазақстандағы алғашқы әрі бірегей жоба.
Тәуекелі мол іске жеке инвесторлар қаржы құйған.